Спорт

Головкиннің экс-қарсыласы: "Ол адам емес!"

Вилли Монро Головкин-Сондерс жекпе-жегі өткен жағдайда кім жеңетінін болжады
Sputnik

АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Америкалық боксшы кіші Вилли Монро қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен британдық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) жекпе-жек өткізген жағдайда кім жеңіске жететінін болжады, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин Мартиросянды нокаутқа түсірді

— Головкин үшінші раундта нокаутпен ұтады деп ойлаймын. Ол жігіт тым күшті, өте-мөте мықты панчер. Ал Сондерс — мүлде панчер емес. Айтпағым, Головкинге қарсы тұру үшін күш пен айла-тәсіл керек. Ол адам емес! Сондықтан ол жігітті жеңу үшін адам қабілетінен тыс күш пен жылдамдық керек. Жоқ, Сондерс одан ұзағырақ төтеп беретініне сенбеймін. Головкин күшті ғана емес, дәл соққы жасайтын панчер", — деді кіші Монро.

Естеріңізге сала кетейік, Сондерсте WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының белбеуі бар. Головкинге орта салмақта абсолютті әлем чемпионы болу үшін осы титул жетпей тұр. Британдық боксшы келесі жекпе-жегін Лондонда 23 маусымда отандасы Мартин Мюррейге (36-4-1, 17 КО) қарсы өткізеді.