Фото

Отан қорғаушылар күніндегі әскери парадтың айшықты сәттері

Sputnik

"Отар" әскери базасының 40-шы полигонында өткен әскери парадқа үш мыңдай әскери қызметкер, 300 әскери техника және 40-қа  жуық ұшатын аппараттар қатысты.

Бірнеше айға созылған дайындықтың арқасында әскери парад ерекше өтті.

Sputnik Қазақстан фотолентасын тамашалап, еліміздің ең басты әскери шарасының айшықты сәттеріне куә болыңыздар.

1 / 11
Бірінші бөлімде облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне аймақтық қорғаныс бригадаларының әскери жалауы ұсынылды.
2 / 11
Жалаулар ұсынылған соң дәстүрге сай парад қонақтары мен көрермендер алдында 19 парад қорапшасы салтанатты шеру құрып өтті.
3 / 11
"Қазақстандық әскери қызметкерлер – жауынгерлік даңқ пен өткен ғасырдың сұм соғысында фашизмді жеңген ата-балаларымыздың ізін жалғастырушылар. Олардың ерлігі мен туған елінің болашағы үшін ақтық демі қалғанша күрескенін ешқашан ұмытпаймыз", - деді Елбасы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде.
4 / 11
Салтанатты шеруде ҚР ҚК арнайы операциялар күштерінің, Мемлекеттік қорғаныс қызметі, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан, сондай-ақ аймақтың жасақтардың әскери қызметкерлері сап түзеді.
5 / 11
2018 жылғы әскери парадқа үш мыңдай әскери қызметкер, 300-ден астам әскери техника және 40-қа жуық ұшу аппараты қатысты.
6 / 11
Қатысушылар 7 мамыр күні көрермендерді тәнті ету үшін бірнеше ай бойы полигондарда жаттықты.
7 / 11
Екінші бөлімде барлау бөлімдері заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалана отырып, шынайы тактикалық іс-қимылдарды халық назарына ұсынды.
8 / 11
Арнайы қызметкерлер "Арлан", "Кобра" және "Хаммер" көліктерінде тапсырма орындау барысын көрсетті.
9 / 11
Тікелей эфирде көрермендер әскерилердің пилотсыз ұшу аппараттары арқылы нысананы көздеп атқанын тамашалады.
10 / 11
Жаяу әскери жасақтардың жаттығулары "Гвардейский" полигонында өткен, ал әскери экипаждар "Матыбұлақ" полигонында дайындалыпты.
11 / 11
Әскери парадтың соңында "Жетісу Барысы" пилотаж тобы әуеде жоғары пилотаж үлгілерін орындады.