Әлем

Сирияда Ресей тікұшағы апатқа ұшырады

Ка-52 тікұшағы техникалық ақау салдарынан құлаған болуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. Сирияда Ресейдің Ка-52 тікұшағы құлады, екі ұшқыш қаза тапты, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігі.

Апат Сирияның шығыс аудандарын барлау кезінде болған.

"Бастапқы мәлімет бойынша, апаттың себебі техникалық ақау болуы мүмкін", — делінген қорғаныс ведомствосының хабарламасында.

Ка-52 "Аллигатор" тікұшағын 1990 жылдары Камов атындағы конструкторлық бюро жасап шығарған болатын. 

Мамыр айының басынан бері осымен екінші рет Сирияда ресейлік әскерилер қазаға ұшырап отыр. 3 мамырда Су-30СМ жойғышы Хмеймим аэродромынан ұшып шыққан бойда құлаған.