Қоғам

Бақауов облыс әкімдері арасында үздік мерген атанды

Павлодар облысының басшысы оқ атудан бірінші орын алды
Sputnik

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Павлодар облысының әкімі өңірлер мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің дала жиындарына қатысып, Макаров тапаншасынан оқ атудан бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгін - Отан қорғаушы күні

Әкімдердің жиыны Жамбыл облысының "Отар" әскери базасында өтті. ҚР Қорғаныс министрлігі сайтының хабарлауынша, 40-шы оқу полигонында облыс және Астана, Алматы қалаларының әкімдері атқыш қару мен әскери машиналардан оқ атқан.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Макаров тапаншасынан оқ атудан бірінші орын иеленді. Топ жарған облыс басшысына грамота мен "Мерген" ескерткіші сыйға тартылды.

"Отар" базасында өткен шеру барысында облыстар мен қалалар әкімдеріне 2015 жылы 25 желтоқсанда ҚР Президентінің жарлығымен құрылған аумақтық қорғаныс бригадаларының әскери белгілері табыс етіледі.