Өңірлер

Павлодарда жеңіл көлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылды

Оқиға куәгерінің айтуынша, 69 жастағы жүргізуші рөлде өзін күрт нашар сезінген. Қазір ауруханада жатыр
Sputnik

АСТАНА, 6 мамыр — Sputnik. Павлодарда үш көлік зардап шеккен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды pavon.kz.

Сайттың мәліметіне сүйенсек, 69 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Mitsubishi Volkswagen Golf және Toyota Camry көліктеріне соғылып қалған.

 

 

"Соққы салдарынан Mitsubishi тротуарға шығып кетіп, Лермонтова 45 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің қабырғасына соғылады", — деп мәлімет берді деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз орталығы басылымға.

Жол апатының себептері әлі анықталған жоқ, бірақ куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi жүргізушісі рөлде күрт өзін нашар сезінген. Қазір ауруханада жатыр.