Әлем

Ағаш түбінде пикник жасаған оқушыларға найзағай түсті

Найзағай салдарынан кем дегенде 12 бала зардап шеккен
Sputnik

АСТАНА, 6 мамыр — Sputnik. Түркияда найзағай түсіп, 12 оқушы зардап шекті.

Төтенше оқиға Түркияның оңтүстік-шығысындағы Ширнак провинциясында болған. Балалар пикник жасаған ағашқа найзағай түскен. 

Зардап шеккен оқушылар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды РИА Новости Daily Sabah газетіне сілтеме жасап.