Оқиға

Алматыда ірі жол апаты болды, зардап шеккендер бар

Ең ауыр зардап шеккен – апатты ұйымдастырған жүргізуші
Sputnik

АСТАНА, 6 мамыр — Sputnik. Алматыда Жандосов және Манас көшелерінің қиылысында үш жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Оқиға куәгерлері мен жүргізушілердің сөзіне сүйенсек, Hyundai Accent пен Mercedes Жандосов көшесінде қиылыста бағдаршамға тоқтап тұрған. Жасыл жанғанда, олар қозғала бастайды. Сол кезде Манас көшесімен келе жатқан ZAZ Vida қызылға өтіп кетіп, Mercedes көлігін бір-ақ соғылады, ал ол өз кезегінде Hyundai Accent көлігін қағып кеткен.

1 / 5
Жандосов және Манас көшелері қиылысында үш көлік соқтығысып қалды
2 / 5
Жандосов және Манас көшелері қиылысында үш көлік соқтығысып қалды
3 / 5
Жандосов және Манас көшелері қиылысында үш көлік соқтығысып қалды
4 / 5
Жандосов және Манас көшелері қиылысында үш көлік соқтығысып қалды
5 / 5
Жандосов және Манас көшелері қиылысында үш көлік соқтығысып қалды

Жол апаты салдарынан Mercedes жолаушысы зардап шекті, медициналық жәрдем алған соң, ауруханаға жатудан бас тартты. Сонымен бірге, ZAZ Vida жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен: жүргізушінің аяғы сынып ауруханаға жатқызылды, ал жолаушының миы шайқалған.