Өңірлер

Қостанай облысында әйел үйіне келген қонақты балтамен ұрған

Ер адам табалдырықа ұйықтап қалып, мас үй иесінің ашуын туғызған
Sputnik

АСТАНА, 6 мамыр — Sputnik. Қостанай облысындағы ауыл тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен сот алдына келді.

Қостанай облысында қасапшы жігіт әпкесін асқан қатыгездікпен өлтірген

Биыл наурызда Қарасу ауылында тұратын 33 жастағы әйелдің үйіне қонаққа ер мен әйел келіп, бәрі ішімдік ішіп отырады, деп жазады "Костанайские новости" басылымы.

Түн ортасында құрбысы кетіп қалады да, ал екінші қонағы мас болғаны сонша, дәлізге ұйықтап, үйіне қайтпай қойыпты.

Сол кезде үй иесі балтаны алып, ер адамның басынан алты рет ұрады.

Қонақ сол жерде жан тапсырған.

Қылмыстық іс сотта енді қаралмақ.