Қоғам

Балиева: батутқа қатысты оқиғадан кейін Қазақстандағы ойын алаңдарын тексереміз

Балалар омбудсмені, парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева Астанада қатты желден аударылған батутқа қатысты пікір білдірді
Sputnik
Балиева: после ЧП с батутом проверим игровые площадки по всему Казахстану

"Қазір елдегі бүкіл ойын алаңын тексеру үшін хат әзірлеп жатырмын. Өйткені алда демалыс маусымы келе жатыр, балалар саябаққа, ойын алаңдарына барады. Болған оқиғаға батуттың иелері айыпты, себебі қауіпсіздік шараларын солар қадағалауы керек болатын", — деді Балиева Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Толығырақ сұхбатты аудиоматериалдан тыңдаңыздар.

Жұма күні қатты желден Астанада батут аударылып қалды. Салдарынан бес бала зардап шегіп, олардың төртеуі жансақтау бөліміне түскен.