Саясат

Назарбаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады
Sputnik

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Назарбаев Саркисянмен Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тараптардың өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Армен Саркисянмен Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылаған болатын.

Қазақстан президенті достас армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді.