Әлем

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы фотографтың кесірінен ешкімге бұйырмады

Француз фотографы әдебиет саласы бойынша сыйлықтың нақты кімдерге берілетінін бөтен адамдарға алдын-ала айтып қойған
Sputnik

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы биыл ешкімге бұйырмайтын болды. Стокгольмде өткен Академия жиналысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды 24.kz.  

ICAN антиядролық қозғалысы Нобель сыйлығына ие болды

Жалпы марапатты тапсыру рәсімі Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде ғана кейінге шегерілген екен. Ал бұл жолы француз фотографы Жан-Клод Арноның басы дауға қалып, ұжым атына кір келтірді. Ол Швед академиясының белді мүшесі Катарина Фростенсонның күйеуі. 

Айта кету керек, өткен жылдың күзінде жиырмаға жуық қыз-келіншек Жан-Клод Арно "бізді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі" деп айыптады. Сонымен қатар фотограф әдебиет саласы бойынша сыйлықтың нақты кімдерге берілетінін де бөтен адамдарға алдын-ала айтып қойған көрінеді.

Жалпы Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері әр жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет және бейбітшілік салалары бойынша елеулі жетістікке жеткен ғалымдар мен ұйымдарға беріліп келеді. Ал әдебиет саласындағы 2018 жылғы Нобель сыйлығы иегерінің аты-жөні 2019 жылғы жеңімпазбен бірге жарияланатын болды.