Спорт

Абель Санчес Головкин ненің арқасында үздік боксшыға айналғанын айтты

Бапкердің пікірінше, Геннадий Головкин осындай дәрежегі тәртіп пен талмай еңбек етуінің арқасында жеткен
Sputnik

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкірті туралы ойын айтты, деп хабарлайды prosports.kz. 

Головкин мен Мартиросян қанша табыс табатыны белгілі болды

"Егер сен тәртіп, техника мен таймингті жаттықтырмасаң, бір ғана күш ештеңе бермейді. Күш-қуаты мықты жігіттер бар, олар жоғары деңгейге жету үшін дұрыс дайындалмайды. Меніңше, тәртіп, адалдық пен талмай еңбек етуі Геннадийді үздік қылып тұр", — деді Санчес AFP-ге берген сұқбатында.

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренасында өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян болмақ.