Саясат

Назарбаев Саркисянмен Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады

Қазақстан президенті армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді
Sputnik

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Армения президенті Назарбаевқа телефон соқты

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады.

Қазақстан президенті достас армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Арменияны он жыл басқарған президент Серж Саргсян премьерлікке тағайындалғаннан кейін елде жаппай наразылық шеруі басталған болатын. Осы жағдайдан кейін Саргсян отставкаға кетті. Наразылық қозғалысының жетекшісі, парламенттік "Елк" фракциясының басшысы Никол Пашинян Армения премьері қызметіне үміткер ретінде ұсынылды. Бірақ жалғыз үміткер 1 мамырдағы сайлауда жеткілікті дауыс жинай алмады. Оны билік партиясының депутаттары қолдамады. Келесі сайлау 8 мамырға белгіленіп отыр.