АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Астанада қатты желден батуттың аударылуына қатысты түсініктеме берді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, батуттың конструкциясы күрделі, ауданы 200-250 шаршы метр. Қатты желден жұма күні күндіз "Жаннұр" сауда орталығы аумағында аударылып қалған. Салдарынан бес бала зардап шегіпті. Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Комитет жел туралы жарияланған дабылды ескертуді тұрғындар қаперінде ұстауы керектігін атап өтті.
"Сонымен қатар, қатты жел соғып тұрғанына қарамастан, балаларын батутта ойнауға жіберген ата-аналардың жауапкершілігін ескеру қажет", — дейді ведомство.