АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Астанада қатты желден батут аударылып, бес бала зардап шекті, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.
"16.50-де "Жаннұр" сауда орталығы аумағында орналасқан батуттың қатты желден аударылып қалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем барды", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.
Бастапқы мәліметке сүйенсек, оқиға салдарынан бес бала зардап шегіпті – әртүрлі жарақат алған балаларға жәрдем көрсетілген.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.