Өңірлер

Теміртауда жеңіл көлік бағананы құлатып, бір адам қаза тапты

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған
Sputnik

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Теміртауда жеңіл көлік бағанаға соғылып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жол апаты 4 мамыр күні Теміртаудағы Республика даңғылында болған. Hyundai Accent көлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көше жарығы бағанасына соғылған, ал бағана көліктер жүріп жатқан жолға құлайды.

Содан кейін бағанаға 27 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан ВАЗ 2114 көлігі соғылады. Салдарынан ВАЗ 2114 жолаушысы жарақат алып, қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған.