Өңірлер

Тараз сотының судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталды

Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Таразда қалалық сот судьясының қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

СҚО-да басқарма басшысы парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысындағы департаменті ҚР Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік және соттарда жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Тараз қалалық сотының судьясын 650 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұстады. 

"Судья параны жеке тұлғадан мүлікті бөлу туралы азаматтық іске қатысты орындау қағазын беру үшін сұраған. Күдікті кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ", — делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.