Өңірлер

Алматыда көлігін дұрыс қоймаған жүргізушілер жазаланды

Көліктердің бірі көгалда, екіншісі тротуарда тұрған
Sputnik

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Алматы полициясы мессенджерлер арқылы тараған хабарлама бойынша шара қабылдап, көліктерін дұрыс қоймаған екі жүргізушіні жазалады, деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаменті.

Жол жүру ережесін бұзғаныңыз үшін салынған айыппұл жайлы қайдан білуге болады?

Көгалда тұрған Mersedec Benz G-class суретін көрген полицейлер бірден іске көшкен.

"Қала тұрғындарының хабарламасы бойынша, бүкіл мән-жай анықталды. Mercedes Gelandewagen көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, көгалға өтіп тоқтаған. Ол айыбын мойындады, испекторлар әкімшілік хаттама толтырып, 10 АЕК (24 мың 050 теңге) айыппұл салды", — делінген хабарламада.

Дәл осындай шара 28 жастағы Lexus жүргізушісіне қатысты қолданылған, ол Төлебаев көшесінде көлігін тротуарға шығарып қойып, жаяу жүргіншілердің өтуіне кедергі жасапты.

1 / 2
Алматыда көліктерін дұрыс қоймаған екі жүргізушіге айыппұл салынды
2 / 2
Алматыда көліктерін дұрыс қоймаған екі жүргізушіге айыппұл салынды