АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Елорданың билік өкілдері жылыту маусымын ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады қаланың жанармай-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Ербол Төлеуов.
"Қала әкімдігі мәслихат қабылдаған жылыту маусымын өткізу ережесіне сәйкес жылыту маусымын ұзартуға шешім қабылдады, яғни бес күні ішінде плюс 10 градус жылу сақталады. Қазір өздеріңіз көріп отырғандай, күндіз жылы, ал түн суық. Ауа райы болжамына сүйенсек, 9 мамырдан кейін ғана ауа температурасы тұрақталады. Сол себепті осындай шешім қабылдап отырмыз", — деді Төлеуов бейсенбі күні тілшілерге.
Оның сөзіне сүйенсек, жылыту маусымы 9 мамырға дейін ұзартылады, дегенмен нақты мерзімі ауа райы ахуалына байланысты болмақ.
Сонымен қатар, тұрғындар өз үйлерінің ПИК-нен жылу беруді азайтуды сұрай алады.
Былтыр Астанада жылыту маусымы 20 сәуірде аяқталған болатын.