Фото

ТМД елдерінің басшылары спорттық стильде

Sputnik

Өйткені түйткілді мәселенің шешімін табу, мемлекет игілігіне күн сайын қажырлы еңбек ету аса көп күш-қуатты, төзімділікті, берік рухты талап етеді. Ал осы қасиеттерді бойыңда ұстап тұру үшін спортты серік етуге тиіссің. 

Оқырмандарымыздың назарына ТМД елдері басшыларының спорттық киімде түскен ерекше фотосуреттер жиынтығын ұсынамыз.

1 / 12
Елбасымыз салауатты өмір салты мен спортты үнемі насихаттап жүретін бірден-бір тұлға. Сүйікті спортының бірі – теннис.
2 / 12
Елбасының тағы бір қызығушылығы – гольф. Танымал саясаткерлермен бірге халықаралық жарыстарға қатысатыны көпшілікке мәлім. Суретте Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдағы гольф клубтың ашылуында.
3 / 12
Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет шаңғымен 55 жасында айналыса бастаған. Содан бері Елбасы Шымбұлаққа жиі барып тұрады. Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мемлекет басшысы Владимир Путинмен Шымбұлақта.
4 / 12
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев олимпиада алауын әкеле жатыр.
5 / 12
Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко Сочидегі "Большой" мұз сарайында "Звезды НХЛ 1" және "Звезды НХЛ 2" командаларының арасындағы жолдастық кездесуде.
6 / 12
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі сенбілікке спорттық киіммен шықты.
7 / 12
РФ президенті Владимир Путин Ново-Огареводағы резиденциясында дзюдо жаттығуы кезінде.
8 / 12
Владимир Путиннің хоккей жаттығуына қатысуға дайындалып жатқан сәті.
9 / 12
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Түркіменстан мемлекет басшысы Гурбангулы Бердымухаммедов велосипедпен серуендеп жүр.
10 / 12
Тәжікстан мемлекет басшысы Эмомали Рахмон тау шаңғысы базасында.
11 / 12
Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Бакудің теңіз жағасындағы ұлттық саябағында.
12 / 12
Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельцинмен теннис ойнап жүр.