Әлем

Ғалымдар қатерлі ісік пен кәрілікті қашан жеңетінін айтты

Мамандар адам генін қайта бағдарламалау арқылы ракты жеңбек
Sputnik

АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Genome Project генетиктері 10 жылдан кейін вирус, қатерлі ісік, кәрілік, радиация мен үсуге қарсы тұратын қауқары бар клетка жасап шығуға болатынын айтты, деп жазды РИА Новости. 

Ғалымдар әжетхана қағазынан бас тартуға шақырды

Ғалымдар ішек таяқшасы бактериясының клеткасына сынақ жүргізіп, осындай пайымға келген. Мамандардың айтуынша, бактерия геномына 321 өзгеріс жасалғаннан кейін, клетка вирустарды қабылдамайтын болған. Алайда, генетиктер атап өткендей, адам геномын қайта бағдарламалау үшін бұдан да көп күш жұмсау керек. 

"Адам геніндегі әр ақуызды қайта бағдарламалау үшін, мәселен, 400 мың өзгеріс жасау керек болады. Ал 20 мың дам генінен артық кодондарды (генетиалық код бірліктері – ред. ескертп.) алып тастау керек", — деді Гарвард медицина мектебінің профессоры Джорд Черч. 

Ғалымдар қалаған нәтижеге он жылдан кейін қол жеткізуге болады деп сендіріп отыр.

Бұған қоса, генетиктердің пайымынша, адам генін радиация, кәрілік, қатерлі ісік пен суыққа төтеп бере алатындай бағдарламалауға болады.