АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аудандарында қалыптасқан циклон Қазақстанның солтүстігі арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын болады. Осының әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
"Ал Баренцева теңізінен ығысқан антициклонның ықпалынан солтүстік және орталық облыстарда күн суытады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, жылы жаймашуақ ауа райы орнайды", — деп хабарлайды синоптиктер.