Саясат

Жапония императоры депутат Дулатбековты орденмен марапаттайды

Жапониямен арадағы достастық және басқа да салаларда сіңірген еңюбегі үшін әртүрлі елдердің азаматтары орденмен марапатталады
Sputnik

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Жапония үкіметі 2018 жылдың көктемінде орденмен марапатталатын шетелдік азаматтар тізімін жариялады. Олардың арасында Қазақстан Республикасы азаматы да бар.

"Күншығыс елінің орденімен мәжіліс депутаты, Қазақстан-Жапония парламенттік достастық лигасының мүшесі, "Болашақ" университетінің бұрынғы ректоры Нұрлан Дулатбеков марапатталады.

Күншығыс елінің ордені

Мәжілісмен Жапония мен Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтіп, жапон әскери тұтқындары мәселесін түсінуге қосқан үлесі үшін орденге лайық деп танылды.

Жапониямен арадағы достастық және басқа да салаларда сіңірген еңбегі үшін әртүрлі елдердің азаматтары орденмен марапатталады.