АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Астанада баяғыдан бері қалыптасқан дәстүр бойынша 1 мамыр күні фонтандар іске қосылды, деп хабарлады Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Фонтандар маусымы ашық деп жарияланды. Астана әкімі Әсет Исекешев қалада қалыптасқан дәстүрлерге құрметпен қарайды, 1 мамыр күні бізге бүкіл фонтанды іске қосуға тапсырма берді", — деп жазды Арман Тұрлыбек.
Сарыарқа ауданында 10 фонтан кешені бар, олардың көпшілігіне елорда тұрғындарының өздері ат қойған:
- "Доп" фонтаны — Жеңіс — Кенесары (футболшылар скверінде)
- "Өмір ағашы" фонтаны — Абай — Жеңіс
- "Сарыарқа" фонтаны — Сарыарқа, 13
- Абай, 27 көшесіндегі фонтан
- "Атырау" фонтаны — Бейбітшілік — Есенберлин
- "Әлия" фонтаны — Әлия Молдағұлова атындағы скверде
- "Жастар" фонтаны — Жастар театры алдында
- "Мәскеу" фонтаны — Мәскеу — Әуезов
- "Каскад" фонтаны — Республика, 33
- "Қазақ драма театры" фонтаны — Омаров (Қалекеев атындағы қазақ драма театры алдында)