Әлем

Сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Сарымсақтың оң әсері оны дайындау тәсіліне байланысты өзгеріп тұрады
Sputnik

АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ноттингем университетінің (Ұлыбритания) ғылыми қызметкерлері сарымсақты тұрақты жеу екінші типті диабет пен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қатерін төмендететінін анықтады. Зерттеу нәтижесі Trends in Pharmacological Sciences журналында жарияланған. 

Ас содасының күтпеген жерден пайдасы анықталды

Ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамындағы күкірт қосындылары клеткалар мен тінде физиологиялық және биохимиялық процесс туғызатын газ тектес заттардың сигналдық молекулаларының санын өзгертіп, оларды реттеуге қатысады. 

Сарымсақтың оң әсері оны дайындау тәсіліне байланысты өзгеріп тұрады, бірақ әзірге ғалымдар қандай тәсілдің нәтижелі екенін анықтаған жоқ.