Спорт

Джейкобс Головкинмен неге реванш өткізгісі келетінін түсіндірді

Джейкобс пен Головкин былтыр наурызда кездесіп, төрешілер жеңісті бірауыздан GGG-ге берген еді
Sputnik

АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Орта салмақта WBA (Regular) бұрынғы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинге қарсы қарымта жекпе-жекте өзінің нағыз деңгейін көрсеткісі келетінін айтты, деп жазады Sports.kz.

Джейкобс Головкинмен жекпе-жекте салмағы қанша болғанын айтты

Қос боксшының алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың наурызында Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. 12 раундқа созылған кездесуде төрешілер шешімімен Головкин жеңіске жеткен еді.

"Мен бұл жекпе-жекті асыға күтемін. Өйткені барша әлемге орта салмақтағы ең үздік боксшы екенімді дәлелдегім келеді. Кейбір дүниелерді түзете аламыз, бірақ мұның бәрі бокста. Сіздер де жан-жағыңызға қарап, не істей алатыныңызды бағамдай аласыз. Мен өзімнің мықты екенімді көрсеткім келеді", — деді Дэниэл Boxingnews24.com порталына берген сұхбатында. 

Джейкобс пен Головкиннің шаршы алаңда қашан кездесетінін ешкім де күні бұрын болжап айта алмайды. Отандасымыз осы аптаның соңы, яғни 5 наурызда америкалық Ванес Мартиросянмен қолғап түйістіреді.