Оқиға

Аралда бір жасар қыз кәстрөлдегі суға тұншығып өлді

Өткен тәулікте үлкендердің қарауынсыз қалған екі бала көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысында үлкендердің қарауынсыз қалған кішкентай қыз суға тұншығып көз жұмды, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.  

Ведомствоның мәліметінше, кеше сағат 15.30-да Қызылорда облысының Арал қаласында жеке үйдің аумағында ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылы туған қыз бала 50-литрлік алюминий кәстрөлдегі суға құлап кетіп, тұншығып қалған. Баланың мәйітін судан ата-анасы шығарған.     

Екінші қайғылы жағдай сол күні сағат 18.10-да Атырау қаласына қарасты Ширина елді мекенінде болды. 

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2008 жылы туған ұл бала абайсызда пирстен (екі жағынан да кемелер келіп тоқтау үшін жағадан суға қарай салынған құрылғы) Орал өзеніне құлап кеткен. Мәйітті судан жергілікті тұрғындар шығарды.