Өңірлер

Өскемен тұрғыны көшеден шақалақтың мәйіті салынған пакет тауып алды

Тексеру барысында 36 жастағы тұрғын арнайы дәрілердің көмегімен түсік жасатқаны анықталды
Sputnik

АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. ШҚО-дан тағы бір безбүйрек ана шықты. Өскемен қаласының тұрғыны көшеден шақалақтың мәйіті салынған пакет тауып алды, деп жазды altaynews.kz.

Шымкентте мектептен жас мұғалімнің мәйіті табылды

Пакет Ворошилов атындағы көшенің бойынан табылған екен. 

"27 сәуір күні Өскеменнің ІІБ Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне облыс орталығының тұрғынынан Ворошилов көшесі аумағынан нәрестенің денесі табылғаны туралы хабар түскен", — деп хабарлады Өскемен ІІБ баспасөз қызметінен. 

ШҚО ІІД баспасөз қызметі мамандарының айтуынша, тексеру барысында тұрақты мекенжайы жоқ 36 жастағы тұрғын арнайы дәрілердің көмегімен түсік жасатқаны анықталған.

Күдікті деп танылған келіншекке қатысты ҚР ҚК 319-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.