Әлем

Президент арандатушылар туралы: кім болса да орнына қойыңдар

Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықты бағалап, арандатушылыққа жол бермеуге шақырды
Sputnik

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел ішінде арандатушылыққа жол бермеуге шақырды. 

Елбасы Астананың 20 жылдығын артық шығынсыз тойлауды тапсырды

"Қазақстанда азаматтардың тыныш өмірі үшін бар жағдай жасалған, дегенмен біз қырағы болуымыз керек. Бір жерден қандай да бір кемшілік байқасақ, соның ізіне түсіп, "түймедейді түйедей етуге" дайын тұрамыз. Міне, шығыста су тасқыны болды. Барлығы бүкіл Қазақстан суға батып бара жатқандай шулады", — деді мемлекет басшысы ҚХА-ның XXVI сессиясында. 

Елбасының пікірінше, ел ішінде мұндай арандатушылыққа жол бермеу керек. 

"Мұндай адамдарды (арандатушылар – автор ескертп.) орнына қою керек. Олар кім болса да. Бізге тұрақтылығымыз бен тыныштығымыз қымбат. Сонда ғана біз дамимыз", — деді президент.