Қоғам

Назарбаев Шымкенттегі тойлар туралы: бұл ақшаны жастарға баспана алуға беру керек

Елбасы дүркіретіп той өткізгенше, сол ақшаға баспана алған жөн екенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 28 сәуір  — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды дүркіретіп той өткізгенше, сол ақшаны жастарға баспана алу үшін беруге шақырды. Бұл туралы президент Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары туралы баяндады. 

Астана әкімі қолжетімді баспана бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

"Шымкентте 200-500 адамға шақталған қаншама тойханалар салынды. Той өткізуге жұмсаған ақшаны жастарға баспана алуға беру керек. Бұл ең жақсы сыйлық", — деді Назарбаев. 

"Бағдарлама бойынша алғашқы жарна бұрынғыдай 50 пайыз емес, 20 пайыз. Қалған 80 пайызды банк 25 жылға береді", — деді президент. 

Айта кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаев "7 – 20 – 25" жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынған еді. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайды. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.