Өңірлер

Петропавлда ер адам үш ашалы айырмен балық аулаған

Тыйым салынған құралмен балық аулаған ер адамға айыппұл салынды
Sputnik

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Петропавлда тыйым салынған құралмен балық аулағаны үшін ер адам айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлады қалалық мамандандырылған әкімшілік сот Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Тістері адамдікі секілді балық жұртты шошытты – видео

Істің материалына сүйенсек, ер адам қала сыртында заңнама ережесін бұзып, тыйым салынған құрал – үш ашалы айырмен балық аулаған.

"Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚК 383-бабы 3-тармағы бойынша ер адамды айыпты деп танып, 20 АЕК (48 мың 100 теңге) көлемінде айыппұл салып, қаруын тәркіледі", — деп мәлімет берді сот.