Өңірлер

Петропавлда саяжайларды су басып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық және республикалық жолдардың біраз бөлігін су алып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Петропавлда Есіл өзенінің алқабында орналасқан 80-нен астам саяжайды су басып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Петропавл маңындағы жолды су алып кетті

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл өзенінің жоғарғы жағы мен салаларында су деңгейі төмендеген. Сергеев су қоймасында 81 сантиметр деңгейде судың жайылуы байқалады, бірақ жайылған су деңгейі төмендеп келеді.

"Судың жайылуына байланысты Есіл өзеніндегі көпір (КТ-4 А-16 Новоникольское – Андреевка жолы) көліктің барлық түрі үшін жабылды. Есіл өзенінің аңғарынан асуына орай М 31 Челябі — Новосібір жолының Зарченый ауылына жақын жерінде жеңіл көлік үшін қозғалыс шектелді. Полиция қызметкерлері мен жолды бақылаушы ұйымдар ескерту белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырған", — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Челябі — Новосібір жолының 529-шы километрін су басып кеткен. Алайда көлік қатынайтын жол бар.

"Сонымен бірге Есіл өзенінің алқабында орналасқан Петропавл қаласы сыртындағы 80 саяжайды су басып кетті.Бірақ елді мекендерді су басқан жоқ", — деп атап өтті ТЖД.

1 / 2
Петропавлдағы саяжайларды су басып кетті
2 / 2
Петропавлдағы саяжайларды су басып кетті

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Петропавлда су басудың ең жоғары деңгейі 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында болмақ.