Саясат

Сыртқы істер министрінің орынбасары Канадаға елші болып кетті

Қазақстан президентінің өкімімен Камалдинов СІМ басшысының орынбасары қызметінен босатылды
Sputnik

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов еліміздің Канададағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Камалдинов СІМ басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды,

ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;