Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңға өзгеріс енгізілді

Құжат ұйымның құқықтық мәртебесін, мақсат-міндеттерін, қағидалары мен қызметінің негізгі бағыттарын нақтылайды
Sputnik

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңға енгізілген өзгерістерді бекітті.

Алматы облысында жаңа аудан құрылады: Президент жарлыққа қол қойды

"Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", — деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Сенаттың сайтында хабарланғандай, құжат Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесін, мақсат-міндеттерін, қағидалары мен қызметінің негізгі бағыттарын нақтылайды.

Заңнын мәтіні баспасөзде жарияланады.