Оқиға

Оралда мектепте мұғалім көз жұмды

55 жастағы әйел артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұрған
Sputnik

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Орал қаласына қарасты Желаево кентіндегі №14 мектепте 55 жастағы педагог көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Ақтауда мектепте мұғалім көз жұмды

Денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдегендей, әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. 

"Жедел жәрдем станциясына хабар сағат 12:47-де түсті. Алайда әйел дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған. Мұғалім мектептің мәжіліс залында қайтыс болды", — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, әйелдің артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды.