Өңірлер

ШҚО-да 12 жасар қызды екі еркек жабылып зорлаған

Зардап шеккен жасөспірім бірнеше күн ауруханада жатып, емделіп шықты
Sputnik

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында жантүршігерлік оқиға болды. 52 және 34 жастағы екі ер адам  12 жастағы қызды зорлап тастаған, деп жазды Устинка LIVE.

Өгей қызын зорлаған павлодарлық сотталды

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, зардап шеккен қыз 18 сәуір күні мас халде ауруханаға жеткізілген. Қыз дәрігерлерге өзімен екі ер адам жыныстық қатынасқа түскенін айтқан. Полиция күдіктілердің кім екенін анықтады. Жергілікті тұрғындар уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні Көкпекті ауданының ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Полицейлер басқа мәліметтерді тергеу мүддесіне байланысты жарияламай отыр.