Әлем

Ас содасының күтпеген жерден пайдасы анықталды

Ас содасының пайдасы тышқандарға жүргізілген эксперимент кезінде дәлелденді
Sputnik

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. АҚШ-тың Джорджия штатындағы медициналық колледждің зерттеушілері ас содасының аутоиммундық аурулар, мәселен, ревматоидтық артрит кезінде қабынуды азайтатынын анықтады, деп жазады MedicalXpress.

Ғалымдар қандай шоколадтың денсаулыққа пайдалы екенін айтты

Дәрігерлер ас содасының асқазан қышқылының көп бөлінуіне ықпал ететінін, нәтижесінде ас қорыту жақсарып, патогендік жасушалар өлетінін дәлелдеді. Сонымен бірге, мамандардың айтуынша, соданы асқа пайдалану қорғаныс иммунитеті әлсіз көкбауырға түсетін салмақты азайтады. Осылайша М1 макрофагтарының мөлшері азаяды. Ал бұл иммундық жасушалар қабыну реакциясын қоздыратыны белгілі. Керісінше қабынуды төмендететін М2 жасушаларының мөлшері артады екен.

Ас содасының бұл пайдасы тышқандарға жүргізілген эксперимент кезінде дәлелденді.

Сода дәл осылайша бүйрекке де әсер етеді. Зерттеу авторларының бірі Пол О' Коннордың айтуынша, бүйрек аурулары кезінде қан қатты қышқылдануы мүмкін, ал бұл жүрек-қан тамырлары дерті мен остеопорозға шалдығу қаупін арттырады. Антацид бұл процесті тежейді.

"Клиникалық сынақтар ас содасын күндіз пайдалану тек қышқылдануды төмендетіп қана қоймай, бүйрек ауруларының алдын алуға да көмектесетінін көрсетті", — дейді О' Коннор.