АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Елордада "Қазақстан Барысы" турниріне іріктеу өтеді. Бірінші орынға ие болған палуанға "Астана қыраны" атағы беріледі, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Осы жылдың 27-28 сәуір күндері Астана қаласы "Дәулет" спорт кешенінде Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне "Астана қыраны" іріктеу сайысы өтеді.
Турнирде бірінші орынға ие болған палуанға – "Астана қыраны" атағы беріліп, "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне жолдама алады.
27 сәуір, сағат 17:00-18:00 аралығында қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Жарыс 28 сәуір күні сағат 10:00-де басталып, 10:00-14:00 аралығында (55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 кг) салмақтағы спортшылармыз белдесетін болады.
Ашылу салтанатынан кейін (90 кг) салмақ дәрежесінен жоғары түйе палуандар сайысы сағат 15:00-19:00-ге дейін өтеді. Түйе палуандар сайысына 25-ке жуық спортшы қатысады.