АСТАНА, 26 сәуір— Sputnik. Какаоға бай қара шоколадты көп жеу иммунитетті күшейтіп, ми жұмысын жақсартады. АҚШ-тағы Лома-Линда университетінің ғалымдары осындай қорытындығы келді, деп жазады EurekAlert.
Ғалымдар бұл жолы өз жұмысында какаоның ағзаға әсерін зерттеуге көңіл бөлген. Бұған дейінгі зерттеулер қанттың ықпалы туралы болатын.
Нәтижесінде ғалымдар күн сайын құрамында кемінде 70 пайыз какао қосылған шоколад жеу адамның иммунитетін күшейтетінін анықтады.
Бұдан бөлек, күніне бар болғаны 48 грамм шоколад жеген адамның оқу мен есте сақтау қабілеті жақсарады екен. Электроэнцефалограмма мидің гамма бөлігінде белсенділіктің артқанын көрсеткен.
Сонымен қатар, шоколадтың гендердің экспрессиясына әсер ететіні белгілі болды.
Бұған дейін америкалық ғалымдар жүзім мен какаодағы ресвератролдың вирусқа қарсы тиімді екенін анықтаған болатын.