Видео

Алматыда отқа оранған дөнерхананың видеосы шықты

Алматыда дөнерхана түгі қалмай өртеніп кетті. Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнына барып, тілсіз жаумен күресті видеоға түсірді
Sputnik

Жетісу ауданында дөнерхананың өртенгені туралы хабар 26 сәуір күні 06.06-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сегіз минутта жетті.

Жалын біртіндеп "Достар" мейрамханасының шатырына ұласа бастаған.

Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.