Қоғам

Қазақстандық "Ник Вуйчич" Марадонамен футбол ойнады

Қазақстандық Али Тұрғанбеков аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонамен кездесуді кішкентайынан армандаған еді
Sputnik

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Туғанынан екі аяғы жоқ Әли Тұрғанбеков Диего Марадонамен футбол ойнады. 

Әли Марадонамен кездескісі келетінін туралы видео үндеу түсірген екен. Сөйтіп, балақайдың арманы орындалды – Әли атақты Марадонамен футбол ойнап, ол баланың жейдесіне қолтаңбасын қалдырды.

Марадонамен кездесу сәті түсірілген фото және видео Әли Тұрғанбеков пен әйгілі футболшының Instagram парақшаларында жарияланған.

Әли Тұрғанбеков Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол жеті жасында Андрей Малаховтың бағдарламасына қатысып, сол жерде алғаш рет Вуйчичпен кездесті.

ҚоғамДиего МарадонаӘли Тұрғанбековфутбол