Оқиға

Алматыда дөнерхана өртенді

Жалын мейрамхананың шатырын шарпи бастаған
Sputnik

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Алматыда дөнерхана өртенді, өрт сөндірілді, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Алматы қаласы Жетісу ауданында дөнерхананың өртенгені туралы хабар 101 нөміріне 26 сәуір күні 06.06-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сегіз минутта жетті.

1 / 5
Алматыда дөнерхана өртенді
2 / 5
Алматыда дөнерхана өртенді
3 / 5
Алматыда дөнерхана өртенді
4 / 5
Алматыда дөнерхана өртенді
5 / 5
Алматыда дөнерхана өртенді

Анықталғандай, жалын біртіндеп "Достар" мейрамханасының шатырын шарпи бастапты.

Өрт 06.56-да ауыздықталып, 07.15-те толығымен сөндірілді. Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрайды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.