Фото

Мынау тұрған мысық, екі көзін қысып...

Sputnik

Үй жануары — мысықты жақтырмайтын адам кемде-кем шығар. Әлбетте, жанары мөлдіреп, мөлиіп қарап тұратын сүйкімді марғауларды қалайша жек көресің?

Олай болса, бүгінгі фотолентамыздан әдемі мысықтардың алуан түрлі суреттерін тамашалауды ұсынамыз.

1 / 12
Мына бір мысық: "Мені еркелеткенді қойыңдар, мен жыртқышпын!", - деп тұрған сыңайлы.
2 / 12
Жоғары мәртебелі Мысықтың көңілкүйі болмай тұр. Иесінен басқа ешкім жоламасын!
3 / 12
Кіп-кішентай, жүндері тікірейген марғаулар қалайша ет-жүрегіңді елжіретпейді?
4 / 12
"Биыл көктем салқын, тон сатып алсам ба екен? Бірақ қара түсті керек емес. Көршімдікі дәл сондай..."
5 / 12
"Ой, мынаның бәрі маған ба? Ең сүйкімді мысық атандым ба?"
6 / 12
"Қойыңдаршы, бәрімен дос болып қайтемін?! Қарным тоқ, уайым жоқ болса болды!"
7 / 12
"Неге сонша тесіліп қарайсың, ә? Қазір сипағанды көрсетемін саған!"
8 / 12
"А, абайлаңыз! Тісімді қайтесіз, мырза?"
9 / 12
Мынау тұрған мысық, екі көзін қысып,
Ұйықтап отыр маужырап, сүт көжесін ішіп.
10 / 12
"Мені иеме қайтарыңдар! Суретке түспеймін!"
11 / 12
"Ал мен, керісінше, суретке түскенді жақсы көремін. Мұндай сұлулық текке кетпеуі тиіс қой".
12 / 12
"Көзіме қарашы! Шын сөзім, үш күннен бері нәр татпадым. Адамгершілігің болсын, тәтті бірдеңе әперші!"