АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуінде журналистика мамандығында оқитын студент қыздың сұрағы залда отырғандарды ду күлдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі заманда шетелде алған білім зор мәртебе мен кәсібиліктің кепілі саналады. Жарқын болашақты қамтамасыз ету үшін және қыздарға күйеуге сәтті шығу үшін қай елде білім алуға кеңес бересіз?"- деп сұрақ қойды министрге астаналық қыз.
"Қазақстандыққа тұрмысқа шығыңыз, бәрі сәтті болады. Мен сізді сендіре аламын", — деп күлді Сағадиев.
Осыдан кейін министр жоғары оқу орындарына қатысты сұраққа жауап берді.
"Шетелде әртүрлі жоғары оқу орындары бар, жақсысы да жаманы да. Мәселен, АҚШ-та кейбір колледждерде полицейлер тәртіпті сақтау үшін қарумен жүреді. Мұны мен өз көзіммен көрдім. Қазіргі таңда біз енгізіп жатқан дүниенің бәрі әлемде бар нәрсе. Сапалы білімді біздің елде де алуға болады. Бұл елге емес, оқып жатқан университетке байланысты. Және, ең алдымен 75 пайызы сіздің өзіңізге байланысты. Бұл менің өмірлік тәжірибем. Сенің қай елде білім алғаның емес, қалай оқығаның маңызды", — деп кеңес берді жас қызға білім министрі.