Өңірлер

Алматыда қоқыс таситын көлік екі автомобильді басып қалды

Жүк көлігінен бөлек, тағы төрт жеңіл автомобильге зиян келген
Sputnik

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Алматы орталығында қоқыс жинауға келген жүк көлігі ірі көлік апатына себепкер болды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыда Cadillac пен Honda соқтығысып, екі адам зардап шекті

Жол апаты Сәтпаев көшесінде Назарбаев және Достық даңғылдары арасындағы аулалардың бірінде болған. Куәгерлер мен КамАЗ жүргізушісінің сөзіне сүйенсек, жүк көлігі қоқысты алып кету үшін аулаға кіргенде, бір көлік оған кедергі жасапты.

КамАзды қол тежегішпен тоқтатып қойып, жүргізуші көліктен шығып, жолында тұрған автомобильдің иесін іздемек болғанда, жүк көлігі кенет жүріп кетіп, бар екпінімен Toyota Сorolla көлігін қағады, ал ол гараждардың төбесіне шығып кетіп, Toyota Rav 4 көлігінің үстіне құлаған. КамАЗ әрі қарай сол жақ қырымен гараждарға соғылып, бір қырына құлап, Toyota Avensis пен KIA Cerato көліктерін басып қалыпты.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

1 / 4
Алматыда қоқыс таситын машина екі көлікті басып қалды
2 / 4
Алматыда қоқыс таситын машина екі көлікті басып қалды
3 / 4
Алматыда қоқыс таситын машина екі көлікті басып қалды
4 / 4
Алматыда қоқыс таситын машина екі көлікті басып қалды