АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Биыл ҰБТ тапсыру ережелері өзгерген жоқ, алайда түлектерге қолайлы болу үшін аздаған түзетулер енгізілді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл ҰБТ тапсыру ережелеріне өзгерістер енгізілген жоқ, алайда сынап тапсыратындарға қолайлы болу үшін аздаған түзетулер енгізілді. ҰБТ бес пәннен тұрады: үшеуі – міндетті, екеуі – оқушының таңдауына байланысты. Бүгінде тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарған", — деді министр есептік кездесуде.
Сонымен қатар, биыл түлектер ҰБТ-ны ағылшын тілінде де тапсыра алады. Ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдіргендер саны 200 адамға жақындаған.