Өңірлер

Оралда 7 жасар бала құдыққа түсіп кетті

БАҚ мәліметінше, оқушы жарақат алған
Sputnik

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Оралда мектеп оқушысы ашық тұрған канализация құдығына түсіп кетті. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, жеті жасар баланы көшеде кетіп бара жатқан адамдар шығарып алған екен.

Құдыққа құлап кеткен оқушыны кім құтқарды?

"Мой город" басылымының мәліметінше, бала жеңіл-желпі жарақат алыпты.

"Дәрігерлер маңдайының жұмсақ ұлпаларына зақым келді деп диагноз қойды. Амбулаториялық ем алуға жіберілген", — деп ақпарат берді денсаулық сақтау басқармасы.

Ашық құдық Жаңа Орда шағын ауданындағы №9 үйдің қасында орналасқан.