Видео

"Памперс" киген қойлар Қазнетті күлкіге қарық қылды

Қой иесі автокөліктің жүксалғышын былғамаудың әдісін ойлап тапқан
Sputnik

Автокөліктің жүксалғышында "памперс" киіп жатқан қойлар қазақстандықтарды күлкіге батырды. Жаялықтағы малды куәгерлер видеоға түсіріп алыпты.   

Ролик авторы күлкісін тыя алмай, "қазір құдалыққа қойлар "памперспен" келетін болған", — деп қалжыңдайды.