Спорт

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы тағы да ірі есеппен жеңіске жетті

Бұған дейін Қазақстан хоккейшілері турнир қожайындары – Венгрия құрамасынан 3:0 есебімен басым түскен болатын
Sputnik

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Будапештте өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші рет ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлады prosports.kz.

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы венгрлерді ойсырата ұтты

Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері Ұлыбритания құрамасымен күш сынасқан.

Кездесу нәтижесінде жерлестеріміз ағылшындарды 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан командасы турнир қожайындары – Венгрия құрамасынан 3:0 есебімен басым түскен болатын.

Мәмбетәлиевтің шәкірттері енді 25 сәуір күні Италия, 27 сәуірде Словениямен, 28-інде Польша құрамасымен кездеседі.