Қоғам

Астанада төрт бала жоғары қабаттан құлап кетті

Мамандар ата-аналарды мұқият болып, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады
Sputnik

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Астанада төрт бала жоғары қабаттан құлап кеткен, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

Астанада сәби тоғызыншы қабаттан құлап кете жазады

"16 наурыз бен 22 сәуір аралығында төрт бала (екеуі 2013 жылы туған, екеуі – 2014 жылы) терезеден құлап, біреуі қайтыс болды", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі. 

Мұндай оқиғалар ата-анасы балаларын қараусыз қалдырып кеткен кезде болады. Сол себепті төтенше жағдайлар жөніндегі департамент ата-аналарды мұқият болып, терезесі ашық бөлмеде сәбиді жалғыз тастап кетпеуге шақырады. 

Сонымен бірге, терезенің үстіңгі жағын ғана ашып, бала өз бетімен терезені ашпас үшін арнайы блокираторларды пайдалануға кеңес берілді.